Мұнай компанияларына қолдауды күшейту керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай компанияларына қолдауды күшейту керек

14.02.2018

Қазақстанның мұнай компаниялары қиын жағдайда жұмыс істеуге мәжбүр. Астанада өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан мұнай сервис компаниялар одағының төралқа төрағасы Рашид Жақсылықов осылай деді. Үлкен жобаларда көбінесе шетелдік компаниялар бас мердігер болады. Мәселенің бірнеше себебі бар. Алғашқысы әрі ең маңыздысы мұнай саласындағы жобалар өте қымбат. Миллиард доллар шамасында. Келісім бойынша мердігер компания осы соманың 30 пайызын кепілдікке қоюы міндет. Ал, бұған отандық кәсіпорындардың қаржылық жағдайы мүмкіндік бермейді. Осы ретте мұнайшылар мемлекет тарапынан қолдау арттырылса, жағдайды біршама жақсартуға болатындығын жеткізді.

Рашид Жақсылықов, Қазақстан мұнай-сервис компаниялар одағының төралқа төрағасы:

- Шетелдік компаниялардың тарихы өте тереңде жатыр. 25 жылдың ішінде біз олардың деңгейіне жете қойған жоқпыз.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу