Жеңіс Қасымбек: Тамақ қауіпсіздігін қадағалайтын орган қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеңіс Қасымбек: Тамақ қауіпсіздігін қадағалайтын орган қажет

06.02.2018

Елімізде тамақ өнеркәсібінің қауіпсіздігін қадағалайтын бірыңғай мемлекеттік орган қажет. Инвестиция және даму министрі Үкімет отырысында осылай деп мәлімдеді. Жеңіс Қасымбек мемлекеттік басқару органдарын реформалау кезінде техникалық регламентпен бекітілген стандарттарды қадағалау бойынша қызметтердің дені Денсаулық сақтау министрлігіне міндеттелгендіктен, кейбір өндіріс өнімдері бақылаусыз қалғанын айтты. Өйткені, Денсаулық сақтау министрлігі көбіне тамақ өнеркәсібіне жауап береді. Сондықтан, министр Үкімет мүшелеріне су, арнайы азық-түлік пен балалар тамағын, ойыншықтар мен косметикалық өнімдерін сапасын қазіргідей Денсаулық сақтау министрлігінде қала беруін, қалған тамақ өнеркәсібін Ауыл шаруашылығы министрлігіне, ал өндіріс өнімдерін Индустрия және даму министрлігіне бекітуді ұсынды. Сондай-ақ, отырыс барысында техникалық реттеу жүйесін жаңартудың жолдары қарастырылды. 

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестиция және даму министрі:

- Біріншісі, реттеудің халықаралық тәжірибесін ескере отырып, өнімдерге қойылатын талаптарды, міндеттерді белгілеу. Екіншісі, мемлекетаралық стандарттау рөлін тікелей күшейту арқылы өнім сапасын арттыру. Үшіншісі, техникалық реттеудің жаңа объектілерін анықтау. 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу