Оттавада төтенше жағдай режимі енгізілді
Канада астанасы Оттавада жүк көлігі жүргізушілерінің ереуіліне байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді. Шаһар мэрі Джим Уотсонның мәлімдеуінше, демонстранттардың саны қаладағы тәртіпті қадағалайтын полицейлердің санынан асып кеткен. Сол себепті жағдай бақылаудан шығып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін болмай тұр. Шеру қаланың күнделікті тіршілігін жандандыруға кедергі. Наразылық акциясына қатысушылар Оттаваның орталығын көліктермен және палаткалармен жауып, қозғалысты тоқтатып тастаған. Осыған орай полиция қауіпсіздікті күшейтіп, тәртіп бұзғандарды қамауға алмақ. Айта кетсек, Канадада жүк көлігі жүргізушілері ковидке қарсы вакцинаның міндеттелуіне қарсы шерулетіп жатыр.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы басталды
18.04.2026, 20:05
Қызылордада инновациялық жобалар байқауы өтті
18.04.2026, 20:05
«Таза Қазақстан» акциясы аясында әке мен бала ағаш отырғызды
18.04.2026, 20:04
«Mamma Mia!» музыкалық спектаклі өтті
18.04.2026, 20:04
Ақтауда «Тегін заң көмегі» акциясы өтті
18.04.2026, 20:04
Қажылық сапар ұйымдастырамын деп 7,4 млн теңгені жымқырған ер адам сотталды
18.04.2026, 20:04
Ормұз бұғазы қайта жабылды
18.04.2026, 20:04
Трамп НАТО-ны сынға алды
18.04.2026, 20:04