Жасөспірімдерді суицидтен сақтау қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жасөспірімдерді суицидтен сақтау қажет

19.01.2018

Жасөспірімдердің психикасы мен денсаулығына баса назар аудару керек. Алматыда өткен алқалы жиында Біріккен Ұлттар Ұйымына қарасты Балалар қорының сарапшылары осыны жеткізді.  

Олардың ойынша, жеткіншектердің психикалық жағдайына ұдайы мән беру қажет. Сондықтан, балалардың жан дүниесіндегі өзгерістерді педагог-психологтармен бірлесіп, келеңсіз жағдайға тап болмауын қадағалау шарт. Жалпы, осыған байланысты 2015 жылы ЮНИСЕФ ұйымының бастамасымен Қызылорда облысында пилоттық жоба ретінде енгізілген еді. Үш жылдың ішінде біраз шаруа атқарылды. Оның нәтижесі де көңілге қонымды.

Сымбат Әбдірахманова, Қызылорда облысы Білім басқармасы оқу-әдістемелік орталығының бөлім басшысы:

 - Аталмыш бағдарлама арқылы қазіргі таңда жұмыс оң нәтиже беріп жатыр. Біздің облысымыздағы тәжірибе жақсы нәтиже бергендіктен, қазіргі таңда бүкіл Қазақстанның басқа облыстарында таратылып, осы жоба енгізілуде. 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу