Апатқа кінәлі деп танылған ұшқыш 4 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Апатқа кінәлі деп танылған ұшқыш 4 жылға сотталды

15.01.2018

Талдықорған гарнизонының әскери сотында Су-27 жауынгерлік ұшағының апатқа ұшырау ісі бойынша ұшқышқа үкім шығарылды. Әскери қызметкер 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың 21-ші желтоқсанында Талдықорған әуе базасының әскери ұшағы қаладан 20 шақырым жерде құлаған болатын. Бір жылдан астам уақыт бойы тергеу және сараптама жұмыстары жүргізіліп, төтенше жағдайда ұшқыштың кінәлі екені анықталды.

Талдықорған гарнизоны әскери соты төрағасының айтуынша, ұшқыш ұшу ережелерін бұзып, жанармайдың аз қалғаны жайлы деректі дұрыс бермеген. Ақыры қозғалтқыш істен шыққан. Енді ол жазасын қоныс колониясында өтейді. Сондай-ақ, сотталушыға 4 жыл бойы белгілі бір қызметті атқару немесе ұшу құралдарын пайдалануға тыйым салынды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу