Талдықорғанда жол жүру ақысы қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда жол жүру ақысы қымбаттады

03.01.2018

Талдықорғанда 1-қаңтардан бастап қоғамдық көліктегі жол жүру ақысы 20 теңгеге қымбаттады. Егер осы уақытқа дейін талдықорғандықтар 60 теңге төлеп келсе, жаңа жылдан бастап 80 теңге төлеп жатыр. Облыс орталығында 29 бағыт бойынша 7 мердігер мекеме жолаушы тасымалымен айналысады. Жолақысының қымбаттауына жанар-жағармайдың және қосалқы бөлшектердің бағасының өсуі басты себеп болған. Шаһар билігі бұл шешімді жан-жақты сараптап, қоғамдық ұйымдар сүзгісінен өткізіп барып қабылдаған. Бірақ, оқушылар мен студенттердің, 1-ші, 2-ші топтағы мүгедектер және 70 жастағы зейнеткерлердің тегін жүру жеңілдіктері сақталады. 

Қуат Қаниет, қалалық Көлік және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі:

- 2015 жылы бір литр жанармайдың құны 89 теңге болса, қазір 160 теңге. Екінші себеп - қосалқы бөлшектер нарыққа байланысты 40-50 пайызға көтерілген.

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу