Бүгінде ол мемлекеттің инвестициясына мұқтаж. Болашақта өзін-өзі толық ақтап, мемлекет игілігіне жұмыс істейтіндей жолдар қарастырылмақ. Бұл туралы Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева айтты. «Қазақстан Ғарыш сапары» Ұлттық компаниясының өнімдері бүгінде сұранысқа ие. Шетелден де жер серігінің жұмысына қатысты түрлі тапсырыстар түседі. Жоғары палата өкілдері «Еврокоптер Қазақстан инжиниринг» тікұшақ құрастыру зауытында да болды. Нысанның бүгінгі тынысымен танысып, болашақ жоспарларын тыңдады. Дағдарыс кезеңінің енді оңалып келе жатқан компанияның жұмысына сәттілік тіледі.
Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы:
- Өнеркәсіпті әрине, қолдау керекпіз бар жағынан. Енді осыған бірталай қаражат салдық. Мұның ары қарай дамитын жолын табу керек. Үкімет арқылы. Мүмкін бағдарлама болу керек шығар. Соны ойластырып жатырмыз.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ