Су саясатын реттеуге қатысты орталық құрылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су саясатын реттеуге қатысты орталық құрылады

07.12.2017

Азиядағы су саясатын реттеу және жетілдіру бағытында өңірлік диалог құрылуы мүмкін. Орталық Қазақстанда, Астанада ашылмақ. Бұл туралы Қазақстандағы су саясатының ұлттық саяси диалогы туралы кездесу кезінде айтылды. Ұйым құру туралы бастама алғашында Орталық Азия елдеріне қатысты қолға алынғанымен, кейін жаһандық сипат алды.

«Жалпы бұл салада Қазақстанның тәжірибесі мол. Сондықтан, кеңсенің Астанада орналасуы дұрыс шешім. Ұйым алдағы уақытта көп мәселелерді біржақты етеріне сенімдіміз», - дейді Трансшекаралық су туралы конвенция хатшылығының басшысы Франческа Бернардини.

Франческа Бернардини, Трансшекаралық су туралы конвенция хатшылығының басшысы:

- Әлемдегі өзендердің жартысына жуығы трансшекаралық. Ал, Қазақстан ағын сулардың барлығын дерлік көрші елдермен бөлісіп отыр. Мұндай өзендерге жан-жақты көмек көрсету қажет. Әйтпеген жағдайда, су ресурстарының тазалығы мен тапшылығына қатысты қазіргі проблемалар одан әрі ушығып кетуі мүмкін. Сондықтан, бұл бастама бүгінгі күні өте қажет.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу