Талдықорғанда көкек ана жауапкершілікке тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда көкек ана жауапкершілікке тартылды

28.11.2017

Алматы облысында 5 баласын тастап, алимент төлемей жүрген ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 35 жастағы келіншек күйеуімен 2016 жылы заңды түрде ажырасқан. Алайда, балаларды өзіне қалдырудан бас тартқан. Содан бері кәмелетке толмаған 2 ұл, 3 қызды әкесі асырап келеді. Сот шешімімен былтыр азаматшаға алимент төлеу міндеттелген болатын. Бірақ, бір жылдан астам уақыт бойы көкек ана бір тиын да төлемеген. Бүгінде келіншектің туған балаларының алдында 1 млн. теңгеден астам берешегі бар. Тіпті, басқа облысқа қашып кеткен жерінен Көші-қон полициясы тауып берді. Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен оған 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Майгүл Мамутова, Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы:

- Ер адамдардың алиментті уақытылы төлемегеніне, сот шешімін орындамағаны үшін жауаптылыққа тартылғаны сот тәжірбиесінде жиі кездесетін әкімшілік істер. Бірақ, әйел адамдарды жауаптылыққа тарту бірінші тәжірибеміз.

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу