114 қауырт желісіне хабарласатындар артуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

114 қауырт желісіне хабарласатындар артуда

01.11.2017

Діни сұрақтарға жауап беретін 114 қауырт желісіне қоңырау шалғандардың саны 2 мыңнан асты. Әсіресе, Ислам және христиан діндері мен мемлекеттің дін төңірегінде жүргізетін саясатына қатысты сұрақтар жиі түскен. Бұл туралы «Қауырт желі» жобасы тұрғындарға жазбаша, онлайн жауап берілген жауаптармен қатар, бетпе-бет кездесулер де ұйымдастырылған.

Жат ағымның жетегінде кетуге шақ қалған бірнеше тұрғынға сауатты кеңес беріліп, мамандар дәстүрлі дінге жол көрсеткен. 

Шерзод Пулатов, «Діндерді зерттеу орталығы қауымдастығының» теологы:

 - Біздің әрбір маман жұмысқа алған кезде тексеруден және қабылдаудан өтеді. Осы орталықтың жұмысы басталған кезде психология және Ислам жағынан әртүрлі семинарлар өткіздік. Яғни, нақты сұрақтар келген кезде олар дәл сол уақытта жауабын беріп отырады. 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу