Байқоңырда жаңа кешен салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Байқоңырда жаңа кешен салынады

19.10.2017

Байқоңырдан қоршаған ортаға зиянын тигізетін «Протон» зымырандары ұшырылмайтын болады. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан «Ғарышқа қазақстандық жол: Жүзеге асуы мен даму келешегі» халықаралық форумында айтылды.

«Ғарыш» қалашығындағы экологиялық мәселелер екі кезеңмен жүзеге асырылмақ. Қазір бірінші кезеңі аяқталды. Сондай-ақ, Байқоңырда зымыран ұшыратын жаңа кешен салынады. Ол Ресей мен Қазақстанның бірлесе іске асыратын жобасы. Форумда бұдан өзге, ғарыш саласындағы үздік тәжірибелер, тың технологиялар мәселелері де қозғалды.

Мейірбек Молдабеков, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кеңесшісі:

 - Келесі мақсатымыз ғарыш аппаратын шетелге тапсырып, пайдалану емес. Біз қазір өзімізде өндіріс жасап жатырмыз. Ғарыш аппараттарын жасауды да өзімізге алып жатырмыз. Ол үшін арнайы конструкторлық-технологиялық бюро жасалды.

Сапасы бізде өте жоғары. Еуропалық стандарттар бойынша жасалып жатыр. Сондықтан, біз ол аппараттарды өзіміз үшін ғана емес, басқа елдердің тапсырысы бойынша да өндіреміз деп жоспарлап отырмыз.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу