Ақтөбеде жаңа спорт кешен ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде жаңа спорт кешен ашылды

24.06.2016
Ақтөбеде жаңа спорт кешен ашылды

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында, Ақтөбе қаласының жаңадан бой көтеріп келе жатқан Батыс-2 шағын ауданында спорт кешені ашылды. Жалпы аумағы 3 мың 800 шаршы метр болатын бұл жекеменшік нысанның құрылтайшысы - кәсіпкер Зәмзәгүл Баймағамбетова. Жоба құны - 480 миллион теңге. Жаңа нысанның ашылуымен, 50-ге тарта жұмыс орнын құру көзделген.

 

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу