Алыс-жақын шетелдерде өмір сүріп жатқан қандас бауырлар туралы деректі фильм түсіріледі - Дәурен Абаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алыс-жақын шетелдерде өмір сүріп жатқан қандас бауырлар туралы деректі фильм түсіріледі - Дәурен Абаев

19.07.2017

«Қиырдағы қазақтар». Осылай деп аталатын деректі фильм алыс-жақын шетелдерде өмір сүріп жатқан қандас бауырларға арналмақ. Бүгін Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев фильмнің түсіру жұмыстары басталғанын хабарлады. 8 сериялы тың туынды 8 елде түсіріледі. Яғни, шілдеде жолға шығатын экспедиция әлемнің түкпіріне тарыдай шашылған қазақтар көп қоныстанған елдерді араламақ. Түсірілім Ресейден басталып, Түркіменстан, Иран, Ауғанстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қытайда жүргізіліп, соңы Монғолиядан аяқталмақ.

Деректі фильм жат жұрттағы қазақтың қарапайым тұрмыс-тіршілігін, өткен тарихы мен салт-дәстүрлерін, мәдениетін көрсетеді. Көпті көрген ақсақалдар сұхбат беріп, танымал тұлғалар өз өмірінен сыр шертеді. Әр сериясы 40 минут болатын фильм қазақ тілінде түсіріліп, орысша және ағылшынша тәржімаланады. 

 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу