Он төрт өңірде электр қуатының бағасы өсті
Жаңа жылдан бастап, еліміздің 14 өңірінде электр қуатының бағасы бір теңгеге өсті. Бұл туралы бүгін ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Аманжол Алпысбаев мәлімдеді.
Сонымен қатар, Павлодар, Петропавл, Қостанай, Астана қалаларында жылу энергиясының тарифі өсті. Мамандардың айтуынша, жылу бағасы 3 теңгеден 7 теңгеге дейін көтерілді. Мәселен, астаналықтар енді 91,22 теңгенің орнына 98, 51 теңге төлейтін болады.
Сонымен қатар, Қазақстанның 5 қаласында суық судың бағасы өзгерді. Жолаушыларды тасмалдау тарифтері 7 пайызға қымбаттады. Газдың бағасы да біршама көтерілді
Аманжол Алпысбаев, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары:
Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап, газбен жабдықтау бағасы 8 өңірде өзгерді. Оның басты себебі, магистральдық құбыр жолы арқылы тасымалдау тарифының 5 пайызға өзгеруі.
Ләззат БЕКТАС
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытайға астықты делдалсыз сатуға болатын болды
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28
Еуропа Ресейге қарсы санкцияны тағы ұзартты
15.09.2026, 17:27