Еуропа Ресейге қарсы санкцияны тағы ұзартты
Еуроодақ Ресейге қатысты жеке санкциялар тізімінің мерзімін тағы ұзартты. Эмбаргоның мерзімі бүгін аяқталуы тиіс еді. Шектеулер активтерді бұғаттап, үш мыңға жуық ресейліктің Еуропаға кіруіне тыйым салуды көздейді. Экономикалық санкциялар да тағы бір жылға созылмақ.
Негізгі қысым Ресейдің мұнайдан түсетін табысына, бюджетке, технология импортына және өндіріс шығындарына түсіп отыр. Ресей қазір тәулігіне 8,36 млн баррель өндіреді. Бұл бір жылмен салыстырғанда 695 мың баррельге төмен. Сарапшылар Ресей қазынасына шектеуге байланысты ең аз 154 миллиард доллар кем түскенін айтады. Қазір әлемдік мұнай бағасы жоғары болғанымен, санкцияға байланысты Ресейдің мұнайына шекті баға қойылған.
Владимир Евсеев, сарапшы:
Әрине санкциялар Ресей экономикасына кері әсерін тигізуде. Биыл экономикалық көрсеткіштер кем дегенде 10 пайызға төмендейді. Бұған логистиканың бұзылуы да сеп болды. Яғни белгілі тауарды шетелден жеткізу үшін үшінші елдерге жүгінуге мәжбүрміз. Жағдай мәз емес.
Мұнай өндірісінің отыз пайызға төмендеуі, бюджет кірістерінің қысқаруы және мұнай өңдеу секторындағы мәселелер азаматтардың өмір сүру көрсеткішінің төмендеуіне сеп болды. Елде азық-түлік пен пәтер бағасы да күрт өскен.
Лена Смирнова, кәсіпкер:
Кей тауарлар 50, кей тауарлар 100 пайызға дейін қымбаттады. Мәселен қызанақты 150 рубльден алсақ, қазір 250 рубль. Айлық өспеді, алайда баға күн сайын шарықтап бара жатыр. Тіпті түрғындар бұрын 1 келі қызанақ алса, қазір 2 қызанақ сатып алады. Ешкім келілеп алмайды.
Орталық банк жоғары пайыздық мөлшерлемені ұстап тұратынын
мәлімдеді. Мемлекеттік стратегиялық кәсіпорындар жеңілдетілген несие
бағдарламасы арқылы қаржы ала алады. Бірақ бюджет шығындарының жоғары болуы,
инфляцияның күшеюі экономиканың өсу қарқынын баяулатады, дейді мамандар. Әлемде
санкция бойынша бірінші орын алатын Ресей сауда бағытын Батыстан Азияға
бұрғанымен, импортты отандық өндіріспен алмастыруға 10 жыл қажет.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы