«ЭКСПО-2017» көрмесін жағдайы төмен отбасынан шыққан 500 бала тегін тамашалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО-2017» көрмесін жағдайы төмен отбасынан шыққан 500 бала тегін тамашалады

19.06.2017

Алматылық оқушылар мен колледж студенттеріне мұндай мүмкіндікті бір топ кәсіпкер жасады. Олар балаларды «ЭКСПО» алаңына апарып қана қоймай, бас қаланың көрікті жерлеріне де саяхат ұйымдастырған. Қайырымдылық жасаған компания осыған дейін ата-анасының мейірімінсіз қалған бірнеше балаға баспана алып берген. Рамазан айында ізгілікті іспен айналысып, қамқорлық танытып жүрген кәсіпкерлер осындай шараларыды әлі де ұйымдастырмақ ниетте. 

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу