«ЭКСПО-2017» көрмесін 40 мың бала тамашалайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО-2017» көрмесін 40 мың бала тамашалайды

27.06.2017

«ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалауға күн сайын еліміздің түкпір-түкпірінен оқушылар легі ағылуда. Бүгін солардың бір тобы оңтүстік өңірден келіп жетті. Дені - білімімен дараланған озат оқушылар. Арасында әлеуметтік аз қамтылған отбасының балалары да бар. Жазғы демалыс кезінде көрмені тамашалауға облыстан 3,5 мыңдай бала келмек. Олардың 1 600-інің келіп-кету шығынын жергілікті билік өз мойнына алып отыр. Ал, өзгелеріне жеке кәсіпкерлер қолдау көрсетпек. Жалпы, үш ай демалыс кезінде республика бойынша 40 мыңдай бала көрмені тегін тамашалайтын болады.

 

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу