Шығыс Қазақстанда лагерь маусымы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда лагерь маусымы аяқталды

14.08.2023

Шығыс Қазақстан облысында оқушылардың 90 пайыздан астамы жазғы лагерге барды. Ол үшін өңірде 418 нысан жұмыс істеді. 19 демалыс базасы қала сыртында, 195 лагерь мектеп жанынан ашылды. Оған қоса бейінді алаң орталықтары да ұйымдастырылды. Көпбалалы және аз қамтылған отбасынан шыққан 156 бала «Бөбек», «Балдаурен» сияқты шипажайларда демалды. Тұрмысы төмен отбасының балаларына жыл бойы тегін жолдама берілетін болады.


Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу