Қостанайда 59 жастағы зейнеткердің үйінен 3 келіден аса героин табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда 59 жастағы зейнеткердің үйінен 3 келіден аса героин табылды

20.12.2016
Мамандардың айтуынша, мұндай көлемдегі героиннан 20 мың дана есірткі дозасын дайындауға болады. Ақшаға шаққанда оның құны 40 млн. теңгеге дейін жетеді. Зейнеткердің үйінен есірткі ұнтағынан басқа оны салуға арналған полиэтилен қалташалар, электронды таразы табылған. Құқық қорғаушылар күдіктінің ізіне тамыз айынан бастап түскендерін айтады.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу