Петропавлда полицейлер ірі көлемде есірткі сатумен айналысқан күдіктіні ұстады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда полицейлер ірі көлемде есірткі сатумен айналысқан күдіктіні ұстады

22.05.2019

Жедел іс-шаралар барысында қаладағы пәтерлердің бірінде полиэтилен орамаларға салынған героин табылды. Жалпы салмағы 28 грамм болатын есірткіні бұрын істі болған әйел адам сатқан.

Жалпы, теріскейде жыл басынан бері есірткі қылмысына қатысты 18 іс қозғалып, 73 келіден астам есірткі тәркіленді, оның 72 грамы - героин.

Галина Жолымбетова, облыстық ПД жедел уәкілі:

- Ұсталған күдікті соттың шешімімен 2 айға тергеу изоляторына қамалды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде. Оған қатысты Қылмыстық Кодекстің 297-бабы, 3-інші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу