Көлік полицейлері 7 тоннадан астам есірткі тәркіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көлік полицейлері 7 тоннадан астам есірткі тәркіледі

16.10.2014
Көлік полицейлері 7 тоннадан астам есірткі тәркіледі

Көліктегі ішкі істер департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес қызметкерлері жыл басынан бері 7 тонна 700 келі есірткі тәркіледі. Оның 14 келісі героин.

Мамандардың айтуынша, соңғы 9 айда есірткі қылмысына қатысты 225 факті тіркелген.

Мәселен, көлік полицейлері жуықта Астана қаласы мен Ақмола облысында есірткі сатумен айналысатын қылмыстық топты ұстады. Тексеру кезінде, олардан 500 граммнан астам героин шыққан.

Сондай-ақ, полицейлер 48 жастағы Қарақалпақстан азаматын тұтқындады. Одан 10-келіден астам «героин», 200-граммдай «гашиш» және 80 грамм «марихуана» табылды

Ләззат БЕКТАС

 

Хабарламаларға жазылу