Павлодар облысында қарбыздың ішінен 59 келі есірткі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында қарбыздың ішінен 59 келі есірткі табылды

31.07.2023

Павлодар облысында қарбыздың ішінен 59 келі есірткі табылды. Героиннің қара нарықтағы құны 2,5 млн доллардан асады. Бақша өнімі тиелген жүк көлігі жүргізушісінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ол 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Асқар Мұхаметқалиев, ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары:

Павлодар – Омбы бағытындағы жолда арнайы жасақтың көмегімен жүк көлігін тізгіндеген 54 жастағы Қырғызстан азаматы ұсталды. Жүк көлігінің Volvo маркалы тіркемесінде Қырғызстаннан Ресейге жеткізілуі тиіс қарбызбен қоса, 59 килограмм «героин» салынған 21 полиэтиленді орама және 10 килограмм «гашиш» салынған екі орама анықталып, тәркіленді.


Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу