Алматы облысында ірі көлемде марихуана тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында ірі көлемде марихуана тәркіленді

20.09.2021

Алматы облысында диструктивті діни ағымын ұстанушыдан 20 қап марихуана тәркіленді. Алматы облыстық полиция департаменті экстримизмге қарсы күрес басқармасының, және Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің бірлескен операциясы барысында 49 жастағы Алакөл ауданының тұрғыны ұсталды. Тексеру барысында үйінен жалпы салмағы 17 келіден асатын 20 қап есірткі табылды. Қазір бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу