«Блогиада-2015» байқауының қорытындысы жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Блогиада-2015» байқауының қорытындысы жарияланды

21.12.2015
«Блогиада-2015»  байқауының  қорытындысы  жарияланды
 «Блогиада-2015»  байқауының  қорытындысы  жарияланды

Бүгін «Нұр Отан» партиясы ғимаратының баспасөз орталығында «Блогиада-2015» байқауының қорытындысы шығарылды. Биыл екінші рет өткен байқаудың бас жүлдесі –1 млн теңге.

Өткен жылы қазақ блогерлері арасында алғаш рет ұйымдастырылған байқау, биыл да жалғасқан болатын. Әу баста блогер Аршат Ораздың идеясымен басталған шараға демеушілік танытқан азаматтар да болды. Нәтижесінде өткен жылы да, биыл да блоггерлер жарты жыл бойы түрлі тақырыптарда мақалалар жазды. Түрлі тақырыптарда мақала жазған блогерлер еліміздің түпкір-түпкірін де аралаған болатын. Шараны ұйымдастырушылардың берген тақырыптары бойынша мақалалар, посттар жазған блогерлер қоғамдық, әлеуметітк, мәдени және өзге де тақырыптарда сөз қозғады. Нәтижесінде бүгін үздіктер анықталып отыр.

«Блогиада-2015» байқауының қорытындысы бойныша биыл 1 орын мен 1 млн теңгелік жүлдені Маралбек Сағынғанов иеленсе, екінші орынды Мерей Ермұханов, үшінші орынды Әйгерім Тоқсанбек пен Назерке Низамуддинқызы бөлісті.

Байқауға биыл «Жігер.Абырой. Сана» қоғамдық қоры ұйытқы болып, демеушілік жасады. Өткен жылы бұл шараға кәсіпкер Азаматхан Әсіртаев демеушілік көрсеткен болатын.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу