Назарбаев мектептерінде 2014-2015 оқу жылына іріктеу конкурсының қорытындысы жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Назарбаев мектептерінде 2014-2015 оқу жылына іріктеу конкурсының қорытындысы жарияланды

29.08.2014
Назарбаев мектептерінде 2014-2015 оқу жылына іріктеу конкурсының қорытындысы жарияланды

28 тамызда министр Аслан Сәрінжіповтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің-Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия отырысы өтті.

Республикалық комиссия Алматы, Қостанай, Талдықорған, Орал қалаларындағы физика-математикалық және Қызылорда, Өскемен қалаларындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде 2014-2015 оқу жылына іріктеу конкурсының қорытындысын шығарды. 

Қабылдау комиссиясының нәтижесі бойынша «Өркен» грантын тағайындау конкурсына 3 005 оқушы құжат тапсырған. Конкурс нәтижесі бойынша 1 403 оқушы шектеулі балды жинаған. 

Республикалық комиссия мүшелерінің қарауына шектеулі балл жинаған барлық үміткердің құжаттары мен Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Өскемен, Шымкент қалаларындағы химия-биологиялық және Ақтөбе, Көкшетау, Семей, Тараз, Шымкент қалаларындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7, 8  сыныптарында білім алу үшін резервтік тізімде тұрған 309 үміткердің құжаттары ұсынылды. 

Республикалық комиссия шешімімен 792 оқушы «Өркен» білім беру грантының иегері аталса, 920 оқушы резервтік тізімге енді. 

Грант иегерлер тізімі

Резервтік тізім

Хабарламаларға жазылу