Әскери тақырыптағы бейнебаян жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскери тақырыптағы бейнебаян жарық көрді

15.12.2015
Әскери тақырыптағы бейнебаян жарық көрді
Әскери тақырыптағы бейнебаян жарық көрді

Тәуелсіздік күніне орай Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі «Армиямыз айбынды!» атты патриоттық әнге арналған музыкалық бейнебаян түсірді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бейнебаян Астанада Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің авиациялық базасында түсірілді. Патриоттық ән Маржан Арапбаева мен «Z» триосы ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық әскери ансамблі ұжымының орындауында шырқалды.



«Армиямыз айбынды!» туындысы – «Мен әскерде болғанда» атты қазақстандық армиядағы қызмет туралы үздік музыкалық байқаудың жеңімпазы атанған ән еді. Ал бейнебаянның түсірілімі финалдық аккорд болып есептеледі.

«Мен әскерде болғанда» байқауын осы жылы ҚР Қорғаныс министрлігі алғаш рет өткізген болатын. Ол қоғамның қызығушылығын туғызып, әр жылдары әскери қызмет пен армияның тыныс-тіршілігі туралы жақсы білетін адамдардың жүрегінен орын тапты.

Барлығы байқау комиссиясына Қазақстанның әр өңірінен 25 автор өз жұмысын жолдады. Байқау жұмыстарын бағалау кезінде құрамына кәсіби музыканттар мен әскери сала өкілдері кірген әділқазылар алқасы орындау шеберлігін, мәтіннің мәні мен мазмұнын, берілген тақырыпқа музыкалық туындының сәйкес келуін, сондай-ақ өнерді жалпы қабылдауды ескерді.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу