«28 панфиловшы» фильмінің трейлері жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«28 панфиловшы» фильмінің трейлері жарық көрді

16.11.2015
«28  панфиловшы» фильмінің  трейлері жарық көрді
«28  панфиловшы» фильмінің  трейлері жарық көрді


Ресейде түсіріліп жатқан «28 панфиловшы» фильмінің трейлері жарық көрді. Халық жинаған ақшаға және Ресей мен Қазақстан бөлген қаржыға түсірілген фильм келер жылы көрерменге ұсынылуы мүмкін.

Фильмнің түсіру жұмыстарына әу баста халықтың қаржысын тарту көзделген. Яғни, краудфандинг атты жүйемен түсірілім жұмыстарына кететін шығынды жинап алғысы келген жоба авторлары. Бірақ, бұқараның берген қаржысы толыққанды фильм түсіруге жетпеді. Сол себепті Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігі жобаға 30 млн рубль, Қазақстан тарапынан Мәдениет және спорт министрлігі 80 млн теңге бөлген болатын. Продюсер Андрей Шальопа халықтың 34 млн рубль жинап бергенін айтыпты. Жоба жетекшісі жалпы қаржы фильмді түсіру жұмыстарын аяқтауға толық жететіндігін айтып отыр. Бірақ, фильмді халыққа көрсету мерізімі әлі белгісіз.

«28 панфиловшы» фильмі 1941 жылдың қараша айында Мәскеу түбіндегі ұрыста ерлік көрсеткен генерал И. Панфилов басқаратын 319- атқыштар дивзиясы жауынгерлері туралы туынды. Дәлірек айтқанда, әскери драма дұшпанның 50 танкісіне қарсы шайқасқандығы айтылатын 28 сарбаз туралы болмақ.

Жалпы, тарихта 28 панфиловшының ерлігіне қатысты күмән көп. КСРО Бас әскери прокуратурасы 1947 және 1988 жылдары 28 батырдың ерлігін ойдан құрастырылған әдеби туынды деп бағалаған. Бірақ, батырлар ерлік көрсетті делінетін Дубосеково разьездінде Қазақстанда жасақталған 316 атқыштар дивизиясы, 1075 полкі, 2 батальонының 4 ротасы дұшпанмен шайқасып, жауынгерлердің басым бөлігі ерлікпен қаза тапқаны дәлелденген дерек.

Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу