«Таңшолпан». «Меломен» тобы: Ешкім бізді соққыға жыққан жоқ (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». «Меломен» тобы: Ешкім бізді соққыға жыққан жоқ (ВИДЕО)

11.10.2017

«Меломен» тобы бағдарлама қонағы болып, топ жаңалықтарымен бөлісті.

«Жақында «Екі жүрек» әніміз жарық көрді. Оған бейнебаян түсірудеміз.

9 желтоқсанда Алматы қаласында жеке шығармашылық кешіміз өтеді. Кеш жанды дауыста өтеді.

Өткен айдың соңында БАҚ бізді біреулер ұрып-соқты деген теріс ақпарат тарады. Кейін бізді «Қара пиар жасады» деп те айыптады. Негізі ол түсірілімнен жасалған суреттер. Ешкім бізді соққыға жыққан жоқ.

Әзіл жанрындағы киноға түстік. Ол қырынан да өзімізді танытып жүрміз», - дейді өнер иелері.

Хабарламаларға жазылу