Дүниежүзілік БАҚ-та Қазақстанға қатысты мақалалар жарық көруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дүниежүзілік БАҚ-та Қазақстанға қатысты мақалалар жарық көруде

23.01.2015
Дүниежүзілік БАҚ-та Қазақстанға қатысты мақалалар жарық көруде

«Қазақстан бюджетіне былтыр қыркүйекте басталған капиталды заңдастыру науқаны арқасында 1 миллиард долларға жуық қаражат түседі». 1999 жылы Бішкекте негізі қаланған «The Times of Central Asia» веб-сайтында осындай тақырыптағы мақала жарық көрді.

Ал, Reuters агенттігі Қазақстанның Жапонияның «Toshiba» компаниясымен атом электр станциясын салу туралы келіссөз жүргізіп жатқандығын халықаралық аудиторияға жеткізді.

Төрткүл дүниеге қаржы нарығынан ақпарат тарататын «Bloomberg» агенттігі Қазақстан арқылы Пекин мен Мәскеуді жалғайтын теміржол салынатынын хабарлайды. Оның ұзындығы 7 мың шақырымға созылмақ. Бұл жобаның құны – 242 миллиард доллар.

Түріктің «Hurriet Daily News» газеті еліміздің Түркиядағы елшісі Жансейіт Түймебаевтың Анкарадағы баспасөз мәслихатында жасаған мәлімдемесін келтірген. 

Онда қазақстандық дипломат Түркияның Еуразиялық экономикалық одаққа толықтай мүше бола алатынын айтқан. Түймебаевтың ойынша, Анкарада осы одақтың қызметіне қызығушылық бар.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу