«Қазақстан» РТРК» АҚ-ның ұйымдастыруымен телеарналардағы сериал өнімдерінің сапасын арттыру тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК» АҚ-ның ұйымдастыруымен телеарналардағы сериал өнімдерінің сапасын арттыру тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті

30.09.2016
«Қазақстан» РТРК» АҚ-ның ұйымдастыруымен телеарналардағы сериал өнімдерінің сапасын арттыру тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті

Бүгін Астана қаласы «Қазмедиа» орталығында «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның ұйымдастыруымен «Телеарналардағы сериал өнімдерінің сапасын арттыру» атты дөңгелек үстел өтті.

Аталмыш шараға «Қазақстан» РТРК Басқарма төрайымы Нұржан Мұхамеджанова, Испаниядан келген «Avant Venture Distribution» компаниясының атқарушы директоры Адела Веласко Мартиниз, түркиялық «ТРТ» телерадиокорпорациясының Астанадағы өкілі Рашид Озден, БСТ «Башкортостан» телеарнасының бас редакторы Хасанова Гузель, Қырғызстандағы «НТС» телеарнасының директоры Үсенов Жайнақ, сонымен қатар, ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің Ақпарат комитеті Басқарма төрағасының орынбасары Руслан Әлішев, «MG Production» компаниясының режиссері Марина Құнарова және «Көркем фильм» компаниясының продюсері Рустам Азаматов қатысты.

«Бұл ұйымдастырылып отырған дөңгелек үстелдің мақсаты – сериалдарды шығарудағы шетелдік компаниялармен тәжірибе алмасу. Сондай-ақ, Қазақстан нарығындағы киноиндустрияның қалыптасуы мен дамуын талқылау», - деді Нұржан Жалауқызы. Басқарма төрайымы Ұлттық арнаның тапсырысымен түсірілген көпсериялы фильмдерге де аз-кем тоқталды.

Астанада «Қазақстан» РТРК ұйымдастыруымен «Телеарналардағы сериал өнімдерінің сапасын арттыру» атты дөңгелек үстел өтті

Оның айтуынша, қазіргі таңда Корпорация кітапханасында 62 сериал сақтаулы, бұл 1322 серияны құрайды. Корпорация жаңа маусымда 100 сериялы «Айман-Шолпан» драмасын көрсете бастады. Бұл сериалдың сюжеті отбасы институтын нығайту идеясы төңірегінде өрбиді.

Келесі сөз кезегін алған түркиялық «ТРТ» телерадиокорпорациясының Астанадағы өкілі Рашид Озден Түркиядағы киноиндустрияның соңғы жаңалықтарымен бөлісті.

«Түркия киноиндустриясында бәсекелестік деңгейі өте жоғары. Сол себепті, тапсырыс беруші телеарналар мынадай принцип ұстанады. Егер де телехикаяның 4-інші сериясынан кейін арна рейтингі өзгермесе, ол эфирден алынып тасталады. Бұл ұстаным тек телеарналар үшін ғана ұтымды емес, сондай-ақ, киноөндіруші компаниялардың сапасының жоғары болуына да тікелей оң әсер етеді», деп қорытындылады Р.Озден.   

Астанада «Қазақстан» РТРК ұйымдастыруымен «Телеарналардағы сериал өнімдерінің сапасын арттыру» атты дөңгелек үстел өтті

Астанада «Қазақстан» РТРК ұйымдастыруымен «Телеарналардағы сериал өнімдерінің сапасын арттыру» атты дөңгелек үстел өтті

Ал, испаниялық Адела Веласко Мартиниз «Киноиндустрияда ұтымды сценарийлер болса, оны басқа мемлекеттерге көрсетіп, ұсыну қажет» деді.

Дөңгелек үстелде бүгінгі киноиндустрияның мемлекет тарапынан қаржылай қолдау да сөз етілді. Еліміздегі киноөндіруші компаниялардың басты мәселесі, яғни, қаржының толыққанды бөлінбейтіні айтылды.

Астанада «Қазақстан» РТРК ұйымдастыруымен «Телеарналардағы сериал өнімдерінің сапасын арттыру» атты дөңгелек үстел өтті

Астанада «Қазақстан» РТРК ұйымдастыруымен «Телеарналардағы сериал өнімдерінің сапасын арттыру» атты дөңгелек үстел өтті

Астанада «Қазақстан» РТРК ұйымдастыруымен «Телеарналардағы сериал өнімдерінің сапасын арттыру» атты дөңгелек үстел өтті

Астанада «Қазақстан» РТРК ұйымдастыруымен «Телеарналардағы сериал өнімдерінің сапасын арттыру» атты дөңгелек үстел өтті

Шара соңында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінің Басқарма төрағасының орынбасары Руслан Әлішев «Жақында киноиндустрия саласына бюджетті арттыру жоспарлануда» деп жағымды жаңалығымен қуанты.

Астанада «Қазақстан» РТРК ұйымдастыруымен «Телеарналардағы сериал өнімдерінің сапасын арттыру» атты дөңгелек үстел өтті

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы контентін модернизациялау аясында халықаралық ынтымақтастықты күшейтті және отандық контентті ілгерілету мақсатында белсенді жұмыстар жүргізуде. Атап өтетін болсақ, «Сырғалым», «Қасым», «Жамбыл»  және басқа да көркем сериалдардың лицензиялық құқығын бізбен қатар, таяу және алыс шет елдер де (РФ, Татарстан, АҚШ, Кипр, Словения) иеленіп отыр.  Бұл Корпорацияға өз контентін қаржыландыру жөнінде жүйелі жұмыстар жүргізуге мүмкіндік берді. 2015 жылы Корпорация өз құқықтарын жүзеге асырудан 5 млн теңге табыс түсірсе, ағымдағы жылдың 8 айы ішінде бұл көрсеткіш 38 млн теңгеге жетті», - деп қорытындылады Н.Жалауқызы. 

 

Хабарламаларға жазылу