Қостанай облысының Жангелдин ауданында шегіртке қаптады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысының Жангелдин ауданында шегіртке қаптады

01.07.2023

Қостанай облысының Жангелдин ауданында шегіртке қаптады. Зиянкестер бір тәулікте алты шаруашылыққа тиесілі 10 мың гектардай егістікті отап кеткен.

Жергілікті диқандар дабыл қағып отыр. «Бұған дейін киік түсіп шығынға батырса, енді шегіртке келіп біржола тақырға отырғызды» дейді олар. Киік жайылым мен шабындықты ақ тақырға айналдырып, қысқы азыққа шабатын шөп те қалдырмаған. Енді қалған малды сатқаннан басқа амал жоқ. Шарасыз күйге түскен шаруалар «Мемлекеттік органдар мәселеге назар аудармаса кәсібімізден айрыламыз» дейді

Қайрат Райысов, шаруа:

Шегіртке кеше түсте кірген. Содан бір агрегат келді, оның өзінің уы жоқ алқапты толық улайтындай. Арғы жағында тұрған ұшақтың ұшатын бензині жоқ. Жердегі көліктің уы жоқ. Киіктен қорғап жүргенде мына шегіртке жеп, егінімізді тып-типыл қылып жатыр. 


Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу