Көктемнің алғашқы айларынан бері Жангелдин ауданында 58 түліктің шығыны тіркелді - Базыл Жақыпов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көктемнің алғашқы айларынан бері Жангелдин ауданында 58 түліктің шығыны тіркелді - Базыл Жақыпов

09.06.2015
Көктемнің алғашқы айларынан бері Жангелдин ауданында 58 түліктің шығыны тіркелді - Базыл Жақыпов

Қостанай облысының Жангелдин ауданында мал жаппай қырылып жатқан жоқ. Көктемнің алғашқы айларынан бері мұнда небары 58 түліктің шығын болғаны тіркелген.

Тілшілермен баспасөз мәслихатын өткізген облыс әкімінің орынбасары Базыл Жақыпов осылай деді.

Бірақ, өзі келтірген деректің ресми мәлімет екенін жасырмайды. Сондықтан, шын мәнінде өлген малдың әлдеқайда көп болуы мүмкіндігін жоққа шығармады.

Бұған дейін Жангелдин ауданының Албарбөгет ауылдық округінде екі аптада 100-ге жуық түліктің өлгені туралы хабарлағанбыз.

Билік өкілдері жағдайдың қалыпты екендігін жариялады. Дегенмен, ауданда сақтық шаралары күшейтілген.

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу