Сапалы жол - туризмнің тірегі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сапалы жол - туризмнің тірегі

11.10.2014
Сапалы жол - туризмнің тірегі

Түбі бір түркі елінің астанасы саналатын қасиетті Түркістан шаһары бүгінде төрінен қонақ арылмайтын қасиетті мекенге айналды. Тарихи орынға келгендер саны биыл 1 миллионға жуық.

Бұл ең әуелі саяхатшыларға қызмет көрсету сапасының артқаны, сосын қатынас жолының жақсарғанының нәтижесі. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің арқасында туристер бұрынғы жол азабынан құтылды. 

Саяхатшылар санының артуы Түркістанда шағын және орта кәсіпкерліктің жандануына да түрткі болды.

Ұлы Жібек жолының бойындағы Түркістан сауда-саттықтың да ортасы болғалы тұр. Өйткені, автокөлік және  темір жол шаһарды қақ жарып өтеді.

Жергілікті жерде өндірілген көкөніс және бау-бақша өнімдерін өзге аймақтарға жеткізу үшін мұнда сауда логистикалық орталығы ашылғалмақ. Аумағы 4 гектардай жерге азық-түлік  қоймалары салынады.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

 

Хабарламаларға жазылу