Жамбыл облысындағы «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері жалғызілікті қарттардың үй шаруасына қолғабыс жасады.
Байзақ ауданының «Қызыл жұлдыз» елді мекенінде тұратын Үсен Тағаев - қарт майдангер. «Жас отандықтар» жасы 90-нан асқан қарияның үйіне де барды.
«Нұр Отан» партиясы жүргізген әлеуметтік сауалнама нәтижесіне сүйенсек, еліміздегі 5 мыңнан астам соғыс ардагерінің 900-і жалғызілікті. Оның жартысына жуығы өзгелердің көмегіне мұқтаж.
Жалпы үлкендерге көмектесу - партияның үздіксіз жүргізіп келе жатқан жұмыстарының бірі. Бұл бір жағынан жастарды еңбекке, аға ұрпақты қадірлеп, сыйлауға үйретсе, екінші жағынан қазыналы қарияларымыздың қамсыз өмір сүруіне сеп жасайды.
Үсен Тағаев, соғыс ардагері:
Балалар келіп ата мына жеріңізді істеп берейін, мына жеріңізді жөндеп берейін дегенде қуанамын. Өйткені, ол тәртіп үйрету – өте бір қымбат нәрсе.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ