Басты Жаңалықтар «Сұхбат» хабары арқылы денсаулық, білім және мәдениет салаларының басшыларына 500-ге жуық  сауал жолданды

«Сұхбат» хабары арқылы денсаулық, білім және мәдениет салаларының басшыларына 500-ге жуық  сауал жолданды

«Сұхбат» хабары арқылы денсаулық, білім және мәдениет салаларының басшыларына 500-ге жуық  сауал жолданды

Халық пен билік арасын жақындастыру, өзара түсіністік пен сенімді нығайту, қоғамды алаңдатқан мәселелерді бірге талқылап, реформаларды түсіндіру мақсатында «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сәрсенбі сайын сағат  20:20-да «Сұхбат» атты хабарды ұйымдастырып отыр. Тікелей эфирде Үкімет мүшелері халықты толғандырған өзекті мәселелерді талқылап, әлеуметтің сауалдарына жауап береді.

7-ші қыркүйек күні «Сұхбатта» қонақта ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова  болды. Тікелей эфирге 107 сұрақ келіп түсті. Көрермендер негізінен міндетті медициналық сақтандыру, екпе, квотамен ем алу,  медициналық қызмет сапасы, зейнетақы реформасы, әлеуметтік төлемдер, жұмыссыздық мәселелеріне қатысты сұрақтар қойды. Министр 53 сұраққа нақты жауап берді. Ал, эфир барысында жауап алынып үлгермеген 54 сауал министрлікке жолданды. Жауаптар kaztrk.kz порталында жарияланды.

Тамара Дүйсенова

14-ші қыркүйекте «Сұхбат» студиясында ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары Эльмира Суханбердиева болды. Тікелей эфир барысында  207 сауал түсті. Негізгі мәселелер  мектепке дейінгі білім беру, орта білім және ЖОО туралы, оқулық сапасы, ҰБТ, мұғалім мен тәрбиеші жалақысы, мамандыққа сай жұмысқа тұру мәселелеріне қатысты болды. Эфирде 64 сұраққа жауап берілді. Қалған 143-ін іріктеп, ұқсас сауалдар біріктіріліп, 50-і министрлікке жолданды. Жауаптар жинақталып, алдағы уақытта сайтта жарияланады.  

Эльмира

21-ші қыркүйекте бағдарлама қонағы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы болды. Тікелей эфир барысында  139 сауал түсті. Негізгі мәселелер театр, спорт, кино, өнер саласын қамтыды. Эфирде 46 сұраққа жауап берілді. Қалған сұрақтар іріктеліп, біріктіріліп, министрлікке 47 сауал жолданды. Жауаптар жарияланатын болады.

Арыстанбек

28-ші қыркүйекте хабарға «Қазпошта»АҚ-ның Басқарма төрағасы Бағдат Мусин келеді деп жоспарлануда.  

 

Бөлісу