Басты Жаңалықтар ЖИ жобаларын қаржыландыруға $95 млн тартылды

ЖИ жобаларын қаржыландыруға $95 млн тартылды

Қазақстанда жасанды интеллект жобаларын қаржыландыру басталды. GITEX AI Kazakhstan 2026 алаңында елдің венчурлік нарығы жаңа кезеңге өткені ресми жарияланды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған «Қорлар қоры» мемлекеттік қаржы, Astana Hub экожүйесі және жеке инвесторларды біріктірді. Жобаны Alem Capital Management басқарады. 2025 жылдың қазанында алғашқы инвестициялық кезең жабылып, 95 млн доллар тартылды. Қаржының 60%-дан астамын отандық бизнес салған. Қор екі бағытта жұмыс істейді: Alem Ventures Fund – ЖИ стартаптарын қаржыландырады және Alem Crypto Fund – цифрлық активтерді дамытады. Сондай-ақ, халықаралық қорлармен серіктестік отандық стартаптардың шетелдік нарыққа шығуына жол ашады. Жоба тек инвестициямен шектелмей, деректер орталықтары мен инфрақұрылымды дамытуға да бағытталған. Сарапшылардың айтуынша, бұл бастама Қазақстанның Орталық Еуразиядағы технологиялық хаб рөлін күшейтеді.

Бөлісу