Әлем сарапшылары қазақы тазыға жоғары баға берді
Қазақы тазы әлемдегі ең сұлу, әрі текті ит тұқымдарының қатарында. Мұны Астанада өтіп жатқан халықаралық кинологиялық көрмеге қатысушылар да ерекше атап өтті. Шараға әлемнің түкпір-түкпірінен түрлі тұқымдағы 400-ге жуық ит әкелінген. Көрменің басты мақсаты – қазақы тазының асыл тұқымын сақтап, оны дамыту және халықаралық деңгейде кеңінен таныту. Ұйымдастырушылар бұл бағыттағы жұмыстардың нәтижелі жүріп жатқанын айтады. Әлемдік деңгейдегі сарапшылар да тазының сыртқы бітімінен мін табу қиын екенін жеткізді. Қазақ даласының символына айналған тазыға шетелдік мамандардың қызығушылығы жылдан-жылға артып келеді. Мамандар мұндай көрмелер қазақы ит тұқымын әлемдік кинология картасына шығаруға жол ашатынын айтады.
Әнуар Әлжанов, итбегі:
Бірінші кезекте сарапшылар ит тұқымының базалық стандарттарын қарайды. Содан кейін қатысып жатқан иттердің сол стандарттарға қаншалықты сәйкес келетіні анықталады. Менің Дастер атты тазым өз тұқымдастарының арасынан бірінші орын алды. Жалпы, көрме халықаралық болғандықтан өте қызықты ит тұқымдары келді. Барлығымен танысып, сөйлесіп, тәжірибе алмасып жатырмын.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12