Еліміздің көші-қон саясаты өзгереді
Қазақстанның көші-қон саясаты транформациядан өтеді. Премьер-министрдің орынбасары-Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Президент Жарлығына сәйкес көші-қон саясатын жаңғырту шараларын түсіндірді. Оның айтуынша, реформа жабық әрі күрделі жүйеден ---- ашық және икемді модельге көшуге бағытталған. Мақсат – ел экономикасына қажетті мамандар үшін қолайлы көші-қон жүйесін қалыптастыру. Бұл білікті кадрлардың еркін келіп, кәсіби әлеуетін жүзеге асыруына мүмкіндік береді. Жоспарға сәйкес, көші-қон саласында сервистік мемлекет қағидаты енгізіледі. «Бір терезе» жүйесі арқылы қызметтер жеңілдетілмек. Ведомствоаралық рәсімдерді қысқартылып, жұмысқа рұқсат алу процестері бірыңғай платформаға көшіріледі. Цифрлық бақылау енгізу, азаматтар мен мемлекеттік органдарға түсетін жүктемені азайтады. Бұдан бөлек, инвесторлар мен жоғары білікті мамандарға арналған «алтын виза» енгізіліп жатыр. Яғни Қазақстанда ұзақ мерзім жұмыс істеу мен тұруға жағдай жасайды. Ал кәсіби біліктілікті тану процесі жеңілдетіліп, әсіресе жоғары технологиялық салаларда мамандарды тарту жеделдетіледі.
Аида Балаева, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі:
Осылайша көші-қон саясаты түбегейлі транформациядан өтеді. Әкімшілік сипаттағы құралдан экономикалық дамудың және ұзақмерзімді мемлекеттік стратегияның маңызды тетігіне айналады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы