Жамбыл облысында 1 тоннадан астам марихуана тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында 1 тоннадан астам марихуана тәркіленді

23.07.2014
Жамбыл облысында 1 тоннадан астам марихуана тәркіленді

Жамбыл облысының полицейлері  1 тоннадан астам есірткі затының саудаға түсуіне тосқауыл болды.

Шу алқабындағы  «Қалашық» деп аталатын мекеннің төңірегінде  қол орақпен есірткі сорасын орып жүрген жерінде  осы өңірдің тұрғыны ұсталды.

 40 жастағы жігіт өзінің есірткіге тәуелді екенін айтып,  оны өзі тұтыну үшін жинағанын мойындаған.

 Қолға түскен азамат  бұған дейін ұрлық жасағаны үшін  сотты болған. Қазір   уақытша қамау абақтысында отыр.

 Қылмысы дәлелденсе, дүние-мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жеңіс Бегманов, облыстық ІІД Есірткіге қарсы күрес басқармасының бөлім бастығы:

«Көкнар-2014»  жедел алдын алу шарасын жүргізу басталғалы есірткі тасымалына байланысты 50 қылмыс анықталып, заңсыз айналымнан 7,5 тонна есірткі алынды.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу