Шағын қалалармен барыс-келіс жақсарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шағын қалалармен барыс-келіс жақсарды

09.07.2014
Шағын қалалармен барыс-келіс жақсарды

Мемлекеттік қолдаудың арқасында шағын қалаларда тұрмыс жақсарып, еңсе тіктеле бастады. Жамбыл облысындағы Жаңатас және Қаратау қаласы халқының енді облыс орталығына емін-еркін қатынауына мүмкіндік туды.

Тараз шаһары мен өндірісті кенттердің арасына жүретін пойыз құрамы қосымша вагондармен толықты. Бұған дейін екі ортаға әбден тозығы жеткен бір вагон ғана жүріп тұратын.

Ал, пойыз құрамына тіркелген су жаңа үш вагон 165 жолаушыға арналған. Вагондардың барлығына теледидар мен салқындатқыш орнатылған. Сондай-ақ, жол жүру ұзақтығы да айтарлықтай қысқырды. Пойыздың әрі-бері тұрақты қатынауы үшін облыс қазынасынан 280 миллион теңгедей қаражат бөлінді.

Кенжебек Сапаров, Қаратау қаласының тұрғыны:

«Газель», автобусқа қарағанда мынау өте тиімді. Қауіпсіз, екіншіден. Үшіншіден, кең. Халықтың қалтасына да. Қаратаудан Таразға дейін 155 теңге бағасы. Ертерек жүреді. Тезірек келеді.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу