Оралмандарға азаматтық алу 1 жылға дейін қысқарды
Оралмандарға азаматтық алу мерзімі бір жылға дейін қысқартылды. Бүгін Үкімет отырысында көші-қон саясатының кейбір мәселелері қайта қаралды. Негізгі өзгерістерді Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтып берді.
Егер былтыр қабылданған заңда шетелден келген қандастарымыз оралман мәтебесiн алып, 7 жылдан кейiн ғана азаматтыққа ие болса, ендігіде келгеннен кейiн 1 жыл оралман мәртебесiнде болып, 1 жылдан соң азаматтық алуға мүмкіндік жасалмақ.
Сондай-ақ бұрынғыдай Үкімет бекіткен өңірлерге көшіп-келген қандастарға ғана оралман мәртебесі берілсе, қазір қай облысқа бармасын оралман мәртебесі беріледі. Сондай-ақ, еңбек ресурстары жетіспейітін аймақтарға көшіп келегендерге әлеуметтік жеңілдіктер берілетін болады.
Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
Екіншіден, этникалық қазақтарға төлеу қабілеттілігін дәлелдеудің қажеті жоқ. Үшіншіден, бүгінгі таңда біздің жұмыспен қамту бағдарламасында қазіргі осында тұрып жатқан азаматтарымыз басқа аймаққа көшіп кететін болса, ол аймаққа барғанда оларға әлеуметтік көмек беріліп жатады. Тура осындай көмекті біз келетін қандастарымызға берейін деп отырмыз.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Пхеньянда Си Цзиньпин мен Ким Чен Ын саммит өткізді
09.06.2026, 10:18
Иран мен Израиль атысты тоқтатуға келісті
09.06.2026, 10:17
Филиппин аралдарында зілзала салдарынан 10 мыңдай отбасы үйлерін тастап кетті
09.06.2026, 10:15
Талдықорғанда 3 жасар қызын ұрып-соққан әкеге сот үкімі шықты
09.06.2026, 10:14
Ақтауда мүгедектігі бар баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
09.06.2026, 10:12
Әлем чемпионатында Қазақстан тумасы ойнайды
08.06.2026, 20:58
Тау шатқалынан таңбалы тастар табылды
08.06.2026, 20:21
ҰБТ: Талапкерлердің 67 пайызы шекті балл жинады
08.06.2026, 20:14