Жамбыл облысында мұғалім оқушыларға есірткі сатқан
Жамбыл облысында мектеп оқытушысы шәкірттерге білім мен тәрбие берудің орнына оларға есірткі саудалаған. Полицейлер Меркі ауданындағы №9 мектеп мұғалімінің 10 сынып оқушысына есірткі сатқанын әшкереледі.
Оның үйін тінту барысында 34 полиэтилен қалтаға салынған салмағы 315 грамм болатын есірткі заты табылған. Қазір Ішкі істер департаменті жанынан құрылған арнайы топ мектепті тексеріп жатыр.
Есірткі саудалаушы ұстаздың қармағына іліккен немесе онымен алыс-беріс жасап жүрген өзге де оқушылардың бар-жоғы анықталуда. 44 жастағы келіншек білім ұясында 9 жылдан бері ағылшын тілі пәнінен сабақ берген.
Сондай-ақ, оның есірткі бизнесімен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісінің әйелі екендігі анықталды.
Шопырхан Жапабаев, облыстық ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы:
Ұйымдасқан топтың басшысы сатып алатын адаммен келісім жүргізеді. Кейін осы құрамдағы әйел азаматшалардың карточкасына ақша аудартқызып, ақшасын топ басшысына беріп отырған. Ол «Өз еркіммен істеген жоқпын, екінші күйеуімді жақсы көргендіктен, соның айтқанын орындап жүрдім», дейді.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29