Су тасқынынан қорғану күшейтілді
«Жаңақорғандағы оқиға табиғаттың тосын мінезінен орын алды. Сондықтан да төтенше жағдай деп даурығуға негіз жоқ», - дейді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар қызметінің басшылығы. Олар бүгін Жаңақорғандағы ахуалға байланысты баспасөз мәслихатын өткізді. Онан бөлек таудан сарқырап келген қарғын суға алғашқы күні төтеп бере алмағанмен ертесіне ахуалды ауыздықтай алдық, деп мәлімдеді.
Мыңділдә Ршауов, облыс әкімі аппаратының жұмылдыру жұмыстары және дағдарыс жағдайындағы шұғыл талдау орталығы КММ басшысы:
Шындығында жағдай қиындау болды. Өйткені, таудан аққан мол су қыстаққа, кенттің орталығына өтетін жағдай болғандықтан. Шалқия-Жаңақорған автожолының үстінен өтетін көпірдің тұсынан бөгеу жұмыстарын бастап, жоғарыдан аққан судың бағытын өзгерттік. Қазір де сол жұмыстар жалғасуда. Жоғарыдан ағып жатқан су тоқтатылды. Көшелерге құм төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көмек қажет ететін жанұялардың шығындарының есебін аудан әкімдігі жүргізіп жатыр.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандағы ішкі туризм: Инфрақұрылым сұранысқа сай ма?
07.06.2026, 20:11
Жастардың тез табыс әкелетін жұмыстарды таңдауының себептері қандай?
07.06.2026, 20:08
Құлаған қасбет, опырылған қабырға, сынған терезе: Құрылыс сапасына кім жауапты?
07.06.2026, 20:06
СҚО-да 100-ден астам тауарлы сүт фермасы жұмыс істеп тұр
07.06.2026, 20:04
Alatau City: Жаңа қалаға не үшін арнайы мәртебе берілді?
07.06.2026, 20:00
Құрылтай депутаттары 5 жылға сайланады
07.06.2026, 19:53
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06