Басты Жаңалықтар Автобусқа балалар арбасымен кіруге тыйым жоқ

Автобусқа балалар арбасымен кіруге тыйым жоқ

Қоғамдық көлікке балалар арбасымен кіруге тыйым салынды деп әлеуметтік желіде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Көлік министрлігінің ресми ақпаратына сәйкес, автобус жолаушыға лық толы болған жағдайда ата-анаға арбаны жинап алып жүру ұсынылады. Бұл талап қоғамдық көлікте жолаушылардың еркін қозғалуына кедергі келтірмеу және қауіпсіздікті сақтау үшін енгізілген. Ал арбаны жинау мүмкін болмаған жағдайда ол үшін айыппұл салу, жолаушыны автобустан түсіру немесе өзге де жаза қолдану қарастырылмағанын ескертеді.

Бөлісу