Басты Жаңалықтар Алматыда патриоттық жастар форумы өтті

Алматыда патриоттық жастар форумы өтті

Алматыда патриоттық жастар форумы өтті
 
Еліміздегі 22 мен 29 жас аралығындағы азаматтарды жастар ұйымдарына тарту керек. Себебі, Елбасы ұсынған басты даму механизмін жүзеге асыратындар осы жас аралығындағы жастар. Яғни, магистранттар мен жас мамандар.
 
Бүгін Алматыда өткен республикалық патриоттық жастар форумында студенттер осындай ұсыныс тастады. Президент тапсырған міндеттерді жүзеге асыруда жастардың да мойнына артылған жүк көп.
 
Қыздар университеті мен жасотандықтар бірлесіп ұйымдастырған бұл   форумға 14 облыс пен Алматы қаласының студенттері қатысты. Ойларын ортаға салып, пікір алмасты. 
 
Белсенділер елдегі жастардың саяси сауаттылығын арттырмақ ниетте «Мәңгілік ел» атты жастар қозғалысын құруды қолға алмақшы.
 
Ерғали Қапалов, ТарМПИ Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы:
«Мәңгілік ел» идеясы ең алдымен, жастарға арналған. Жастар -болашақтың кілтін ұстар көшбасшылар. Елбасы Жолдауын насихаттау жолында біз аянбай тер төгетінімізге сенімдіміз.
 
 
 
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ
 
Бөлісу