Су астында қалған 40 үй жарамсыз күйде
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы жағдай әлі де күрделі. Әсіресе, таудың етегінде орналасқан елді мекендерге қауіп жоғары, дейді мамандар. Күннің біресе суытып, біресе жылынуы да ахуалды қиындатып тұр. Дәл қазір мұнда термометр көрсеткіші -6-ны көрсетіп тұр. Су басып қалған үйлер енді мұз астында қалды. Тұрғындар баспаналарын тастап, туған-туыстарын жағалап кеткен. Белгілі болғаны, 40 үй жарамсыз жағдайда. Шығынды арнайы комиссия есептеуде. Адам шығыны мен мал шығыны жоқ. Арнайы құрылымдар қауіпті аймақтарды жіті назарда ұстап отыр. Тікұшақпен ауық-ауық бағдарлау жұмыстары жүргізілуде. Синоптиктер ертең, одан арғы күні ауа райы жылынады деген болжам айтуда. Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі басшысының айтуынша, егер жердің тоңы жібісе, жағдай тіпті қиындай түспек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандағы ішкі туризм: Инфрақұрылым сұранысқа сай ма?
07.06.2026, 20:11
Жастардың тез табыс әкелетін жұмыстарды таңдауының себептері қандай?
07.06.2026, 20:08
Құлаған қасбет, опырылған қабырға, сынған терезе: Құрылыс сапасына кім жауапты?
07.06.2026, 20:06
СҚО-да 100-ден астам тауарлы сүт фермасы жұмыс істеп тұр
07.06.2026, 20:04
Alatau City: Жаңа қалаға не үшін арнайы мәртебе берілді?
07.06.2026, 20:00
Құрылтай депутаттары 5 жылға сайланады
07.06.2026, 19:53
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06