Керей орта мектебі қандастарымыздың ана тілді ұмытпауына сеп болып отыр
Ресейде қазіргі күні 1 миллион 200 мың қандасымыз тұрады екен, орыстың ортасында отырып салт-дәстүр, дінін, тілін сақтап қалған тұтас ауылдар бар. Солардың бірі – Ресейдің Алтай өлкесі, Құлынды ауданына қарасты Керей деп аталатын елді мекен. 80-ге жуық шаңырақтан құралған шағын ауылда ана тілімізді оқытатын мектеп жұмыс істейді.
Керейдегі қос қабатты мектеп. Бұл білім шаңырағынан түлеп ұшқан түлектер ат басын атажұртқа бұрады. Өйткені, ана тілінде білім алған бала мұқтажын Ресейдегі сансыз көп университеттер мен институттардан емес, отандық жоғарғы оқу орындарынан іздейді.
Дәурен Ғабитов, 7-сынып оқушысы:
Кішкентай кезімнен мен осы Ресейде туып-өстім. Бірақ Қазақстан мені өзіне тартады. Мен кішкентай кезімнен айтып жүретінмін, Қазақстанға барсам, мен сонда тұрып үй аламын, жұмыс істеймін, деп. Өскен соң Қазақстанға, Алматы немесе Астанаға барып, жұмысқа істеймін. Сосын әке-шешемді алып келемін.
Керей орта мектебі бұрын таза қазақша оқытатын. Үш жылдан бері орыс тіліне көшті. Себебі, мемлекеттің конституциясы бар. Одан бөлек, түлектер бірегей мемлекеттік емтихан тапсырады. Қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндері қосымша ретінде ғана қалып отыр.
Нұрғайша Барынова, Керей ауылындағы Қаракөл орта мектебінің директоры:
Мына рәміздердің түгелі Ресей мемлекетінікі. Ал, енді қасында қазақ алфавиті тұр. Неге? Себебі, бізге қазақ тілін әр уақытта мектептің жаңағы бағдарламасының құрамында, балабақшадан бастап оқытуға рұқсат.
Ауылда мешіт те бар. Жаңа туылған балаларға азан шақырып, ат қояды. Ойын-той қазақтың дәстүрімен өтеді.
Асқар Досымбеков, Керей ауылының тұрғыны:
Ресей халқына қандай жағдай жасалады, сол жағдай бізге жасалып жатыр. Ешкім бізді кемсітіп, қуғындап отырған жоқ. Қазақстанда да сондай саясат қой. онда 130 ұлт бар. Түгелі бірдей ғой. Бізде де сондай жағдай.
Қазақ осы. Ормандай орыстың ортасында отырса да ортаймайды.
Нұрғайша Барынова, Керей ауылындағы Қаракөл орта мектебінің директоры:
Ресейде жүрген қазақтардың барлығы «қазақпын, қазақпын», дей отырып, бірде-бір қазақтың әдет-ғұрпын білмесе, тіпті, өзі сөйлей алмаса, ол қалайша қазақпын, деп айта алады? Ол айта алмайды.
Жырақта жүріп ұлттық намысты берік ұстанған бауырларымызды көріп, тектілік деген осы болса керек, деген байламға келдік.
Болат АМАНБАЕВ
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мұнай бағасы шілдеден бері алғаш рет 100 доллардан асты
09.09.2026, 20:18
АҚШ пен Иран бір-бірінің кемелеріне соққы берді
09.09.2026, 20:17
Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған балабақша бүлдіршіндерге толы
09.09.2026, 20:15
Қарағанды облысында ұлттық жоба аясында 92 медициналық нысан қолданысқа берілді
09.09.2026, 20:15
ДСМ фастфуд пен энергетикалық сусын жарнамасына шектеу қоюды ұсынды
09.09.2026, 20:14
Мектептерде ас мәзірі жаңартылды
09.09.2026, 20:13
Қайтарылған активтер ел игілігіне жұмсалуда
09.09.2026, 20:12
Президент кітабы ел ішінде талқыланып жатыр
09.09.2026, 20:10