Әкімдер есеп берді
Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев тікелей эфирде халыққа есеп берді. Тұрғындар электронды пошта арқылы сұрақтарын жолдады. Облыс басшысына телекөпір арқылы да сауал қоюға 5 аудан мен Жаңаөзен қаласының тұрғындары мүмкіндік алды.
3 сағатқа созылған кездесуде барлығы 30 шақты сұрақ қойылды. Ауыл тұрғындарын көбіне мектеп, емхана, балабақша жетіспеушілігі толғандырады екен. Сондай-ақ, геология, мұнай-газ, ауыл шаруашылығы салалары тақырыпқа тұздық болды.
Алик Айдарбаев, Маңғыстау облысының әкімі:
Өңір экономикасының өсімі 2,3 пайызды, ал ЖІӨ өсімі 102,3 пайызды құрады. Мемлекеттік бюджетке түсетін салықтар мен төлемдер бойынша Маңғыстау облысы жоспарды асыра орындады. Облыстың шығыстар бөлігі 2013 жылы 5 миллиард 700 миллион теңгеге ұлғайып, 131 миллиард 100 миллион теңгеге жетті.
Ал Солтүстік Қазақстан облысында жалпы өңірлік ішкі өнім өткен жылдың 9 айында 11 пайызға өсіп, 517 миллиард теңгеден асты. Халық алдында есеп берген облыс әкімі Самат Ескендіров өткен жылды қорытындылап, тындырылған істерді таразылады. Солтүстік Қазақстан облысы экономикасының өзегі – ауыл шаруашылығы. Сондықтан бұл саланың дамуы ерекше назарда. Өткен жылы өңір диқандары ел қамбасына 5 миллион тонна астық құйды. Мал шаруашылығы да қарқынды дамып келеді.
Асылтұқымды мал фермалары құрылып, 97 мың тоннадан астам ет саудаға шығарылды. Өнеркәсіп саласы да даму үстінде,- деді өңір басшысы. Қазір облыста индустрияландыру картасына енген 31 жоба жүзеге асырылуда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Димаш мексикалықтардың жүрегін жаулады
16.11.2026, 10:09
Бірқатар өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады
16.11.2026, 10:08
COP31: Қазақстан «жасыл» экономикаға мол инвестиция тартты
16.11.2026, 10:07
ШҚО-да 32 ветеринариялық нысан салынып жатыр
16.11.2026, 10:06
Енді Алматы әуежай жылына 9 миллион жолаушыға қызмет көрсетеді
16.11.2026, 10:06
Автобусқа балалар арбасымен кіруге тыйым жоқ
16.11.2026, 10:04
Халық пікірі: Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның айқын белгісі
16.11.2026, 10:03
Жамбыл облысы бойынша 800-ге жуық адам интернет-алаяқтарға алданды
16.11.2026, 10:01