Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
Оның ішінде түрлі саладағы қарапайым кәсіптен бастап, лауазымды қызметке дейінгінің бәрі бар.
Айгүлдің қоларбаға таңылғанына 10 жылдан асып қалды. Өздегінен жүріп-тұра алмайды демесең, қолынан келмейтіні жоқ. Тыным таппайды, ісмерлікпен айналысады, тоқыма тоқиды. Той-думан жасайтындар өздері іздеп келіп, салаттарға тапсырыс береді. Еңбекқор келіншек бүгін жәрмеңкеден өзіне лайық жұмыс іздеп көрді.
Айгүл Әжібаева, Тараз қаласының тұрғыны:
Үйде отырып жұмыс істесем де, еліме пайдасы тисе деген ой болды.
Айгүлдің діттегені болды. Жекеменшік кәсіпорынның тапсырысын орындауға шарт жасасты. Жәрмеңкеде Айгүл секілді тағы 34 мүмкіндігі шектеулі жан тұрақты табысы бар жұмыс тапты. Тағы 104-і жолдама алды.
Жалпы, жыл сайын облыста мүгедек азаматтардың әлеуметтік мұқтаждықтарын шешуге қазынаның қомақты қаржысы жұмсалып келеді.
Жорабек Баубеков, облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:
766 миллион теңгедей қаражат бөлініп отыр. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік көмектер бар. Оларға тегін берілетін құрал-жабдықтар қарастырылған.
Қайсыбір іске белсеніп, бел шешіп кірісетін Айгүл тапқан жұмысына малданып, тоқтап қалмақ емес. Әрі қарай кәсіп ашсам, деген ниетте.
Айгүл Әжібаева, Тараз қаласының тұрғыны:
Трактор алып, бау-бақша егумен және мал шаруашылығымен айналыссақ па, деп отырмыз.
Жәрмеңке «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында ұйымдастырылды. Осы бастаманы қолға алған бір айдың ішінде еліміз бойынша 500-ден аса мүгедек жан жұмысқа орналасқан. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі енді өзге де өңірлерде өткізілмек.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Туған үш ағайынды бір әскери бөлімде борышын өтеуде
02.05.2026, 20:08
Қауіпсіздігі жоғары композиттік газ баллондары өндіріледі
02.05.2026, 20:07
Балық аулауға уақытша тыйым салынды
02.05.2026, 20:05
Нөсер жауыннан өзендер тасып, екі көпірді шайып кетті
02.05.2026, 20:05
Қазақстан ғарышты игерудің жаңа дәуіріне қадам басты
02.05.2026, 20:04
Халықаралық келіссөз: Польшада ұсталған қазақстандық бостандыққа шықты
02.05.2026, 20:02
Қазақ тазысы 2035 жылы әлемдік деңгейде мойындалуы мүмкін
02.05.2026, 20:01
Павлодарда «Бірге еккен бір ағаш» экологиялық акциясы өтті
02.05.2026, 18:49