Дін қызметкерлері аттестациядан өтті
Аптаның сейсенбісінен басталған сынаққа 18 бен 80 жас аралығындағы 118 мешіт қызметкері қатысты. Діни басқармада имам, ұстаз және азаншылар Қазақстан тарихы, ұлттық салт-дәстүр, ҚР Конституциясы, шариғат, Ислам құқығы мен сенімі, Еңбек Кодексі бойынша сынақ тапсырды.
Билет бойынша келетін сұрақтарға ауызша әрі жазбаша жауап беріп, әрқайсысы өз білім деңгейін көрсетті. Бас мүфтидің бастамасымен биыл қолға алынған сынақ алдымен ОҚО-да өткізілген. Енді бұл үрдіс мегаполистен соң, Алматы облысында жалғасып, жыл аяғына дейін барлық облыста өткізілетін болады.
Нұрбек Есмағамбет, Алматы қаласының бас имамы:
Біріншіден, 118 имамның білім деңгейі тексерілді. Егер білім деңгейі жоғары болса, оларды ҚМДБ-ның арнайы резервіне қою мәселесі нақтыланады. Егер білім деңгейі төмен болса, мақсат - оларды имамдарды мешіттен қуу емес, білімін көтеру. Яғни, Діни басқарманың білікті мамандары арқылы білімін жоғарылатуға мүмкіндік беру.
Жазира ИСАЕВА
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандағы ішкі туризм: Инфрақұрылым сұранысқа сай ма?
07.06.2026, 20:11
Жастардың тез табыс әкелетін жұмыстарды таңдауының себептері қандай?
07.06.2026, 20:08
Құлаған қасбет, опырылған қабырға, сынған терезе: Құрылыс сапасына кім жауапты?
07.06.2026, 20:06
СҚО-да 100-ден астам тауарлы сүт фермасы жұмыс істеп тұр
07.06.2026, 20:04
Alatau City: Жаңа қалаға не үшін арнайы мәртебе берілді?
07.06.2026, 20:00
Құрылтай депутаттары 5 жылға сайланады
07.06.2026, 19:53
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06